Қостанай облысында жол апатынан үш жасөспірім қайтыс болды
Қостанай облысында жол апатынан үш жасөспірім қайтыс болды
103
оқылды

жасөспірім қаза тапты. Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаменті хабарлады.

Жол апаты сағат 20:20-да Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданында болды. Renault Sandera жолаушылары демалыс аймағынан келе жатқан. Renault Sandera көлігінің жүргізушісі 36 жастағы әйел жүк көлігін басып озамын деп жолдың қарсы бағытында келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған 3 жолаушы қаза тапты. Екеуінің жасы 14-те, біреуі 17-де. Сол көліктің жүргізушісі мен 40 жастағы жолаушы зардап шекті», – деді полиция.

Тергеу басталды.