Әлеуметтік желілерде өзінің порнографиялық суреттерін жариялаған ақмолалық жігіт ұсталды
Әлеуметтік желілерде өзінің порнографиялық суреттерін жариялаған ақмолалық жігіт ұсталды
117
оқылды
Әлеуметтік желілерде өзінің порнографиялық суреттерін жариялаған ақмолалық жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Зеренді ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК 311-бабы (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. 26 маусымда Ақмола облысы ПД криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері өзінің порнографиялық сипаттағы фотосуреттерін таратып және жарнамалай отырып, әйелдерге қызмет ұсынған жігітті анықтады. Ер адам өз кінәсін мойындады. Жігіт әлеуметтік желіде бүркеншік атты қолдана отырып, сауалнама мен жеке интимдік фотосуреттерді жариялағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер, атап айтқанда, ер адамның профилі тіркелген телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде іс жүргізуге мәжбүрлеу шарасы таңдалды.