Түрмеге кәмпит ішіне жасырып, есірткі кіргізбек болды
Түрмеге кәмпит ішіне жасырып, есірткі кіргізбек болды
128
оқылды
Түрмеде жазасын өтеп жатқан педофилге есірткіні кәмпитке тығып өткізбек болған әйел ұсталды. Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/12 жоғары қауіпсіздік мекемесіндегі педофилге психотроптық заттарды кәмпиттердің ортасына тығып өткізуге тырысқан.
«2017 жылы азаматтық некедегі әйелдің кәмелетке толмаған қызына қатысты ерекше қатыгездікпен жыныстық қатынас жасаған сотталғанға тыйым салынған заттарды колонияға беруге тырысты. Қысқа мерзімді кездесуге келген әйел жазасын өтеушіге кәмпитке тығылған психотроптық заттарды алып барған. Алайда, жедел бөлімдегі тексеру тобының қызметкерлері бұл әрекеттің алдын алды. Сотталғандармен және олардың туыстарымен тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілген профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, азаматтар тыйым салынған заттарды беруді саналы түрде жалғастыруда", – деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.