Шетелдік сарапшы UFC-дегі екінші жеңісінен кейін Рахмоновқа назар аударуға шақырды
Шетелдік сарапшы UFC-дегі екінші жеңісінен кейін Рахмоновқа назар аударуға шақырды
124
оқылды
Америкалық Sportskeeda.com порталы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі екінші жеңісінен кейін оның болашағына қатысты пікір жариялады, – деп хабарлайды Vesti.kz.
"Рахмонов бразилиялық Мишель Празеристі мерзімінен бұрын жеңген бірінші файтер. Жартылай орта салмақта UFC-де Рахмонов сияқты мықты спортшы көптен болмады. Хамзат Чимаевты есепке алмағанда. UFC 254 турниріндегі бірінші жекпе-жегінде Рахмоновтың өзге бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені өз деңгейінде бағаланбаған болар. Алайда осы жолғы Празеристі таза жеңгені "Көшпендінің" жартылай орта салмақ жұлдызы болатынын анық байқатып тұр", – делінген мәтінде. 
Шавкат Рахмонов бразиялиялық Мишель Празеристі Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 190 турнирінде жеңген еді. Қазақстандық Рахмонов UFC-дегі қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Рахмоновтың UFC промоушеніндегі алғашқы дебюті өткен жылдың қазан айында өтті.