ЕУРО-2020: Хорватия мен Испания арасындағы кездесуде 8 гол соғылды
ЕУРО-2020: Хорватия мен Испания арасындағы кездесуде 8 гол соғылды
Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында  Испания құрамасы Хорватия құрамасына қарсы ойнады. Тартысты кездесу 3:5 есебімен аяқталып, Испания құрамасы ширек финалға жолдама алды. Бірінші таймның 20-минутында испаниялық жартылай қорғаушы Педри автогол соғып алды. Үзіліске жақын, 38-минутта Пабло Сарабия ойындағы есепті теңестірсе, екінші таймда 57-минутта Сезар Аспиликуета испандықтардың алға шығуына көмектесті, ал Ферран Торрес есепті арттырды. Хорваттар ойындағы есепті теңестіре алды, алдымен Мислав Орсич 85-те есепті қысқартты, ал Марио Пашалич 92-де оны теңестірді. https://www.youtube.com/watch?v=r6xnOxYRd1o Қосымша уақытта Испания тағы да екі гол соғып кетті. Хорватия - Испания 3:5. Голдар: Педри а / г 20, Орсик 85, Пашалич 90 + 2 - Сарабия 38, Аспиликуета 57, Ф. Торрес 77, Мората 100, Оярзабал 103.