Алматыда көшеде ер адамды өлтіріп кетті, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті. Оқиға Алматының Түрксіб ауданында 28 маусым күні болған. Алматы қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, «Буран-291» патрульдік экипажы күдіктіні «ізін суытпай» ұстады.
«Ұсталған күдіктінің айтуынша, ол тек пышақпен қорғанған, ал қарудың қарсыласының денесіне қалай тигенін білмейді. Сонымен қатар оның мас болғаны анықталды», - деп хабарлады полициядан.Күдікті Алматы облысы Қарасай ауданының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілді. Арнайы топ оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыс қаруын тауып, сараптамаға жіберді.