20 елдің сарапшылары мемлекеттік қызметшілерді электронды оқыту мәселелерін талқылады
20 елдің сарапшылары мемлекеттік қызметшілерді электронды оқыту мәселелерін талқылады
112
оқылды

Астана мемлекеттік қызмет хабына қатысушы елдердің уәкілетті органдарының басшылары қазіргі жағдайда адам ресустарын дамытудың маңыздылығын атап көрсетті.

Астана ммлекеттік қызмет хабы алаңында Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Қазақстанның HR қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастыруымен «Электрондық оқыту арқылы адами ресурстарды дамыту: елдердің тәжірибесі» атты жаһандық онлайн конференция өтті. Конференция жұмысына Еуропа, Азия және Американың 20 елінен 200 сарапшылар, мемлекеттік қызметшілер мен ғалымдар қатысты. Корея Республикасының Персоналды басқару министрі Ким Ву Ху өзінің құттықтау сөзінде оқыту әлемнің барлық елдерінде мемлекеттік қызметшілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Ақпараттық қоғамға көшу үрдістеріне сәйкес Корея Республикасында электрондық оқытуды белсенді енгізу 2000-шы жылдардан басталды. 2017 жылдан бастап барлық оқу бағдарламалары Үкіметтің электронды оқыту платформасына біріктірілді. Адами ресурстардың жаңа буынын дамыту мақсатында 2020 жылдан бастап электронды оқытуда жасанды интеллект технологиялары қолданылуда және open smart platform әзірленуде. Ким Ву Ху мырза «жылына үш жүз алпыс күн бойы дербес электронды оқыту жүйесі кез-келген жерде, кез-келген уақытта» деген ұстанымды ұстанатындарын атап өтті. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова құттықтау сөзінде Қазақстанның мемлекеттік қызметі пандемиямен байланысты дағдарыстың сын-қатерлерін жедел жеңе отырып, өзінің тиімділігі мен жұмыс және оқу процестерінің электрондық форматтарына бейімделу қабілетін дәлелдегенін атап өтті. Агенттік төрағасы электрондық оқыту туралы айта келіп, "онлайн оқыту форматы өткізілетін семинарлардың географиясын кеңейтуге мүмкіндік берді", бұл ретте БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Астана мемлекеттік қызмет хабының мемлекеттік қызметшілердің цифрлық дағдыларын дамыту үшін оқытуды ұйымдастырудағы рөлін атап өтті. Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов өз сөзінде пандемия салдарынан пайда болған жаңа ахуал қазіргі заманғы технологиялардың маңыздылығын айтарлықтай арттыра отырып, оларды қолдануды кеңейтті деді. Сонымен бірге ол: «бүкіл әлемдегі мемлекеттік қызметшілер жұмыстың жаңа әдістерін меңгеруде, мемлекеттік қызметшілердің «ZOOM» буыны қалыптасуда деп айтуға болады. Бұл өзгерістер жаңа сын-қатерлер туғызуда, сонымен бірге HR менеджмент үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Осы ретте е-learning оқытудың маңыздылғы да артуда» – деп ойын жалғастырды. Осыған байланысты ол Хабтың серіктестеріне және бірқатар елдердің үкіметтеріне ашықтығы, өз білімдері мен тәжірибесін басқа елдермен бөлісуге әзірлігі үшін алғыс айтты. Конференция барысында Корея Республикасы, Қазақстан, Украина, Өзбекстан және Эстонияның Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органдарының өкілдері мен сарапшылары өз елдерінде электрондық оқыту платформаларын құру және дамыту тәжірибесімен бөлісіп, осы бағыттағы жаңалықтар туралы әңгімеледі. Спикерлер электронды оқытудың мазмұны, формалары, әдістерінің әртүрлілігіне және ұзақтығына ерекше назар аударылатыны туралы айтты. Соңғы уақытта micro-learning, яғни ұзақтығы 10-15 минуттық бейнесабақтар кең тарауда. Бұл ретте электронды оқытудың қауіпсіздігі мен тұрақтылығы басты бағыт екені де аталып өтті. Аталған елдердің тәжірибесі конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды, себебі Covid-19 жағдайында бүкіл әлемде мемлекеттік қызметтің әлеуетін арттыруда электрондық оқытудың маңызы айтарлықтай өсті. Барлық спикерлер, сондай-ақ Астана мемлекеттік қызмет хабының озық тәжірибелерді ілгерілетудегі, қатысушы елдер, әріптестер және сарапшылар қауымдастығы арасында тәжірибе алмасудағы рөлін ерекше атап өтті. Астана мемлекеттік қызмет хабы қатысушы елдердегі мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің әлеуетін арттыруға және Covid-19  жағдайында олардың қызметінің тиімділігін арттыру құралдарын іздеуге бағытталған күш-жігерін қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыруда.