Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Сондай-ақ, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.