Аттракциондардың жұмысына тыйым салынды
Аттракциондардың жұмысына тыйым салынды
Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Мұндай шараларды онлайн форматта өткізуге болады. Сонымен қатар саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түріне жұмыс істеуге тыйым салынып отыр. «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін театрлардың, филармониялардың жұмысын отыратын орын санының 20%-нан аспайтындай толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру қажет», - деп жазылған қаулыда.