Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
103
оқылды
Қазақстанның бірқатар өңірінде 30 маусым мен 2 шілде аралығында қатты ыстық болады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Нұр-Сұлтан қаласында 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градус аптап ыстық болады. Алматы қаласында 30 маусым күні күндіз 33-35 градус қатты ыстық күтіледі. Шымкент қаласында 30 маусым - 2 шілде аралығында 40 градусқа дейін көтеріледі. Түркістан қаласында 30 маусым - 2 шілде аралығында 40-42 градусқа дейін көтеріледі. 30 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз 35-39 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі. 30 маусымда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 18 метр болуы ықтимал. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. 30 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. 30 маусымда күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 35-38 градус ыстық болады. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында күндіз 1 - 2 шілдеде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Жезқазған қаласында күндіз 30 маусымда - 2 шілдеде 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Қостанай облысында күндіз 30 маусым - 1 шілде аралығында кей жерлерде 40 градус қатты ыстық, өрт қаупі бар. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында күндіз 30 маусымда 35 градус ыстық, 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градусқа жетеді, өте жоғары өрт қаупі күтіледі. Күндіз 29-30 маусымда, 1 шілдеде Алматы облысында кей жерлерінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі, өрт қаупі сақталады. 30 маусымда күндіз Қызылорда облысында 40-44 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында 30 маусымда күндіз 41 - 43 градус қатты ыстық сақталады. Жамбыл облысында күндіз 30 маусым таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай, бұршақ, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.