Тағы бір ер адам лифт панелін сындырғаны үшін жазаланды
Тағы бір ер адам лифт панелін сындырғаны үшін жазаланды
127
оқылды
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт панелі мен пошта жәшігін сындырған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 25 жастағы қала тұрғыны сүйіктісімен жанжалдасып қалғаннан кейін лифт панелі мен пошта жәшігін сындырған. Ер адам ұсталды.
"Ер адамның бұзақылық әрекеті кіреберісте орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Дерек бойынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды", – деді Полиция департаментінің өкілі.
Сот шешімімен тәртіп бұзушы әкімшілік қамауға алынған. Бұған дейін елордада осыған ұқсас оқиға болғаны хабарланған еді. 19 маусымда полиция тұрғын үй кешенінің лифтінде мониторды бұзған ер адамды ұсталды. Сот шешімімен оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған болатын.