ЕУРО-2020: Англия Германия құрамасын жеңіп, ширек финалға шықты
ЕУРО-2020: Англия Германия құрамасын жеңіп, ширек финалға шықты
136
оқылды
Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Англия мен Германия құрамалары кездесті. Матч Англияда «Уэмбли» стадионында өтті. Кездесудің бірінші таймында Германия құрамасы қарсыластар қақпасына екі рет соққы жасады, бірақ олар ойында есеп аша алмады. Екінші таймда британдық Рахим Стерлинг 75-минутта гол соқты, ал 85-минутта Харри Кейн есепті ұлғайтты. Англия Германияны 2:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.