4 қыз таңертең теңізде сапбордпен жүзіп жүргенде суға ағып кетті, деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы қызметі.
Оқиға бүгін таңертең шамамен 08:00-де 1 шағынауданда болған. 8.10-да кезекшіге теңізге ағып кеткен қыздар туралы хабарлама түскен. 8.20-да құтқарушылар оларды жағалауға алып шығып, дәрігерлерге табыстады. Үш бойжеткен - 2002 жылғы, біреуі 2003 жылғы болып шықты.