Түркістандағы "Керуен-сарайдың" төбесі құлаған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов нысанда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
"Әлеуметтік желілерде Түркістандағы Керуен-сарай төбесінің құлағаны түсірілген видео тарап жатыр. Нысан басшылығының өтініші бойынша келушілер қауіпсіздігі сақтала отырып, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желі пайдаланушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұраймын. Нысан жеке инвестициялар есебінен салынғанын еске салайын. Құрылыстың сапасына инвестор жауапты", - деп жазды облыс әкімінің орынбасары Facebook-парақшасында.Орта Азиядағы аса ірі көпфункционалды "Керуен-сарай" туристік кешенінің ашылу рәсімі 2021 жылғы 10 сәуірде өтті. Кешеннің құрылысы 2019 жылғы желтоқсанда басталған болатын. Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы 20,5 гектар алаңда орналасқан. https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2021/news_324186/photo_83720.mp4