ШҚО-да 27 жастағы әйел 8 жасар қызын құтқарамын деп суға кетті
ШҚО-да 27 жастағы әйел 8 жасар қызын құтқарамын деп суға кетті
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 27 жастағы әйел 8 жасар баласымен бірге суға батып кетті, деп хабарлады аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы. Қайғылы оқиға 29 маусымда Малеевск ауылындағы өзенде болды. Бір топ адам су жағасына демалу үшін барған.
«2013 жылғы қыз абайсызда суға құлап кеткен. Оны құтқару үшін анасы өзенге секірген. Өкінішке қарай, екеуі де суға батып кетті. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар бірнеше сағаттан кейін әйелдің денесін тапты», - деді басқарма бастығының орынбасары Азамат Абдрахманов.
Ал қыздың мәйіті 30 маусымда таңертең табылған. Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығын жабдықталмаған жағажайларда шомылмауға шақырады.