Қазақстандық жеңіл атлеттер Токиода өтетін Олимпиада ойындарына тағы төрт жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ольга Сафронова әйелдер арасында 100 және 200 метр қашықтықта жарысқа лицензия жеңіп алды. Михаил Литвин ерлер арасында 400 метрге жүгіруде Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Ирина Эктова Алматыда өткен жарыстағы нәтижесі бойынша үш қарғып секіруден Олимпиадаға жолдама алды. Ал Сафронова мен Литвин Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары (World Atletics) қауымдастығының рейтингіндегі позицияларына байланысты Токиоға сапарларды жеңіп алды.