«Қыстырылысқым келмеді» – Назарбаев пен Путин не туралы әңгімелесті?
«Қыстырылысқым келмеді» – Назарбаев пен Путин не туралы әңгімелесті?
174
оқылды

Риа-Новости журналистері өздерінің Telegram-каналында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясы президенті Владимир Путиннің кездесуінен қысқа видео жариялады.

Видеода Владимир Путин Елбасымен дидарласпағанына біраз уақыт болғанын айтып, оны шақырған соң ұзақ уақыт күткенін жеткізді. Елбасы өз кезегінде Сочиге келмекші болғанын жеткізді, алайда, Ресей Федерациясы Президентінің жұмысы қауырт екенін байқап, сапарды кейінге қалдырғанын айтты. «Мен барайын десем, біресе Тәжікстан, біресе Қырғыз елінің басшысы, біресе Беларусь президенті сол жақта жүр. Кейін мен қыстырылыспай-ақ қояйын деп шештім. Қазір боспын, Президенттіктен кеткеніме 3 жыл болды, алайда сізбен жүздеспей қоя алмаймын». Еске сала кетсек, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің кездесуі кезінде ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың перспективалары мен аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау жоспарланған. https://youtu.be/kql5wE9AN2Q