Швеция құрамасының қорғаушысы украиналық футболшының аяғын сындыра жаздады - видео
Швеция құрамасының қорғаушысы украиналық футболшының аяғын сындыра жаздады - видео
138
оқылды

Футболдан Еуропа чемпионатының Украинамен өткен 1/8 финал матчын Швеция құрамасы он футболшы болып аяқтады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның 98-ші минутында Маркус Даниэльссон допқа талас кезінде жүгіріп келе жатқан украиналық шабуылшы Артем Бесединнің тізе тұсынан тепті. Осыдан кейін украиналық форвард ойынды жалғастыра алмады, оның орнына алаңға Виктор Цыганков шықты. Ал видео қайталаудан кейін Даниэльссон алаңнан қуылды. Бұл кезде есеп 1:1 еді. Ал 121-ші минутта Украина командасы шешуші голды салып, Еуроның ширек финалына шықты. https://www.youtube.com/watch?v=w60CJ2d7QT0