Алматыда ер адам өтіп бара жатқан адамдарға пышақпен шабуылдаған
Алматыда ер адам өтіп бара жатқан адамдарға пышақпен шабуылдаған
114
оқылды

Алматыда Теректі шағынауданында бірнеше жерден сұғылған пышақ іздері бар мәйіт табылды. Полиция қызметкерлері марқұмның кім екенін анықтады. Оның өзімен бірге құжаттары болған. Тергеу барысында жедел топ қызметкерлері қылмыстың куәгерін тапты.

"Куәгердің айтуынша, оларға далада қолында екі пышағы бар белгісіз біреу шабуыл жасаған. Сарапшылар көз жұмған адамның денесінде 10-ға жуық пышақ жарақаты барын анықтады. Куәгердің де денесінде өміріне қауіп төндірмейтін бірнеше жарақат болған», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Полициейлер күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ол 20 жастағы токсикоман болып шықты.  Күдікті тергеу барысында, есірткіден кейін қатты галлюцинация пайда болған айтқан. Сөйтіп, алдынан шыққан екі адамды пышақтаған. Ұсталған жас жігіт бұрын кісі тонау мен ұрлық үшін сотталғаны белгілі болды. Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тіркелді.