Екінші ұшқыштың неден қайтыс болғаны 30 күн сараптамадан соң анықталады
Екінші ұшқыштың неден қайтыс болғаны 30 күн сараптамадан соң анықталады
Фото: Дереккөзден алынды
221
оқылды
ІІМ өкілі әуе апатына ұшыраған лайнердің екінші ұшқышының өліміне қатысты пікір білдірді, – деп жазады Tengrinews.kz. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, Bek Air әуе компаниясының апатқа ұшыраған екінші ұшқышының өлімі себебін сараптама анықтайтынын айтты.
«Кез келген адам өлімі дерегіне қатысты қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалуы тиіс. Алдын ала мәлімет бойынша, оның өлімі әуе апаты кезінде алған жарақаттан, не криминалдық фактордың әсерінен емес. Бұл жерде оның денсаулық мәселесіне байланысты болған сияқты, бірақ нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Оған 30 күн кетеді», – деді Марат Қожаев.
Біз бұған дейін Bek Air әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болғанын жазған болатынбыз.