WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
152
оқылды

WhatsApp мессенджерінде есептік жазбаны бір уақытта бірнеше құрылғыда пайдалану функциясы іске қосылды.

Пайдаланушының құрылғылары бір-бірімен байланысқаннан кейін, WhatsApp Web және WhatsApp Desktop бір уақытта жұмыс істеуі үшін, олардың негізгісіне желіде қалу қажеті жоқ. Бұл режимде бір аккаунтқа тіркелген бес гаджетті пайдалануға болады.

Бірнеше құрылғыны бір уақытта пайдалану кезінде де қауіпсіздік WhatsApp алгоритмдері арқылы шифрланатын болды. Әзірге опция тек қосымшаның бета 2.21.14.1 нұсқасында және Android-та жұмыс істейді. Кейінірек бұл көпшілікке қол жетімді болмақ.