«Ел тірегі – Елбасы» акциясы жалғасуда
«Ел тірегі – Елбасы» акциясы жалғасуда
116
оқылды

«Ел тірегі – Елбасы» атты қайырымдылық акциясы қысқа мерзім ішінде еліміздің көптеген жанашыр азаматтарын бір мақсат аясында біріктірді. Қазақстандықтар 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында Қор табыстаған азық-түлік көмегіне үлкен  ризашылығын білдірген еді. Осы науқан нәтижесінде бәріміз халықтың бауырмалығы, жанашырлығы мен бірлігі қаншалықты маңызды екенін айқын көрдік.

«Халық» қайырымдылық қоры Қамқоршылар кеңесінің шешімімен 1 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймағында тағы да «Ел тірегі – Елбасы» атты ауқымды қайырымдылық акциясы басталды. Бұл жолы 20 000 отбасына қолдау көрсетіледі: жалпы сомасы 500 млн теңгеге     1 млн кг-нан астам, соның ішінде әр отбасына 50 кг-нан азық-түлік: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпит. Азық-түлік себетін Қор бұрын көмек көрсеткен отбасыларына: қиын қаржылық жағдайға тап болған аз қамтылған, көпбалалы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар баласын өсіріп отырған отбасына таратуды жоспарланып отыр.

«Ел тірегі – Елбасы» акциясына отандастарымыз ауызбіршілікпен үн қатты. Көп жұмыс жасалды, біздің бірлескен күш-жігерімізбен он мыңдаған отбасына қажетті азық-түлік көмегін көрсете алдық. Бұл бізде бар мүмкіндіктің шегі емес. «Халық» қорының қайырымдылық акциясы 2021 жыл бойына бірнеше рет өткізіледі. Біз еліміздің барлық мүдделі азаматтары мен кәсіпкерлеріне үндеу тастаймыз – ынтымақтастықта болыңыз, шет қалмаңыз, бізге қосылыңыз - «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдайық. Біз бірге қайырымдылықтың ауқымын кеңейте аламыз!» - деп хабарланады «Халық» ҚҚ Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы Динара Кулибаеваның жолдамасында.

Қор бастамасын біздің еліміздің еріктілері қолдады, олар азық-түлік себетін алушыларға мүмкіндігінше тезірек жеткізуді қамтамасыз етеді.