Мессидің «Барселонамен» келісімшарты аяқталды
Мессидің «Барселонамен» келісімшарты аяқталды

Аргентиналық футболшы, каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессидің клубпен келісімшарт уақыты аяқталып, ол «еркін агент» статусын алды, – деп хабарлайды Goal басылымы.

Футболшының каталондық клубпен келісімшарт мерзімі 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін болған. Әзірге тараптар жаңа келісімшарт жасасқаны туралы ақпарат таратқан жоқ. Егер Месси мен «Барселона» қайта келісімге келсе, бұл трансфер болып саналады.

Бұған дейін айтылғандай, «Барселона» басшылары Мессиді клубта алып қалу үшін жаңа инвесторлар іздеген. Футболшының құны – 200 млн еуро. Бұл пандемия уақытында клуб үшін айтарлықтай ауыртпалық болған.

Лионель Месси «Барселона» құрамына 2000 жылы келгенімен, клубтағы алғашқы матчын ол 2003 жылдың қарашасында өткізген.