Зейнетақы жинағындағы қаражатты шетелде ем алуға беруі мүмкін
Зейнетақы жинағындағы қаражатты шетелде ем алуға беруі мүмкін
134
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағындағы «артылған» қаражатты шетелде емделуге жұмсау шарасын реттейтін бұйрық жобасын талқылауға шығарды.

Құжат бойынша біржолғы зейнетақы төлемін алушы шетелде емделуге ниеттенсе, уәкілетті оператордан шетел валютасында арнайы шот ашуы қажет. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаржы теңгемен алатындықтан, ұлттық валютада тағы бір арнайы шот ашылады. Бұдан кейін дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде шетелдік ұйым көрсеткен медициналық қызметтің орындалғанын растайтын құжатты уәкілетті операторға ұсынады. Шетел валютасында арнайы шот осы кезде қажет.

10 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарап, біржолғы төлемді аудару немесе аудармау туралы шешім шығарылады. Зейнетақы жинағын пайдаланушы дәрігерлік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, ем алатын шетелдік ұйымды таңдайды. Ұйыммен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасып, төлем шотының сканерленген нұсқасын, төлем шотын және уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссия қорытындысын алады.

Министрлік талқылауға шығарған бұйрық жобасындағы негізгі жаңалық бұған дейін алынған емдік шаралардың ақысын біржолғы зейнетақы төлемі арқылы өтеуге рұқсат беру. Ол үшін жинақ иесі өзі тіркелген жердегі медициналық ұйымға жүгініп, алған емдік шаралары туралы дәрігерлік комиссияның қорытындысын беруі керек. Егер ем Қазақстан аумағында алынса, науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме талап етіледі. Ал ем шетелде алынса: ауру тарихынан жазып беру эпикризінің көшірмесі немесе медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтер көрсету туралы шарт немесе сатушы мен алушы арасында жасалған дәрілік заттарды сатып алуға арналған шарт деректемелерін, шот шет тілінде жасалған жағдайларда нотариат куәландырған аудармасын қоса беру керек.

Бұл ретте алынған медициналық қызметтер мен сатып алынған дәрілік заттар 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Тағы бір жаңашылдық – балаларды ата-анасының біржолғы зенетақы төлемінің есебінен емдеуге мүмкіндік беру. Құжатты талқылау 15 шілдеге дейін жалғасады.