Қаржылық барлау ноутбуктерді сатып алу кезінде бюджетке келтірілген шығын 17 млн теңгеден асты. Аумақтар мен ғимараттарды абаттандыруға және жөндеуге арналған бюджет қаражатын ұрлау деректері де тіркелді.
Мәселен, арнайы мектеп-интернатта 3 млн теңге жымқырылған. Қаражат асхана шатырын жөндеуге бөлінген. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.