Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, 31 жастағы азамат мерт болды, деп хабарлайды Inform.kz. БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабаралауынша, оқиға 30 маусым күні Ақжайық ауданы аумағында болды. Сағат 06.00-де Атырау - Орал жолының 271-шақырымында 30 жастағы жүргізуші «ВАЗ-21010» автокөлігінің рөліне ие бола алмай қалған. Ол медициналық қорытындыға сәйкес мас күйінде болған. Жол апаты салдарынан 1990 жылғы ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 1996 жылғы қыз Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.