Атыраулық тұрғыннан жарты тоннадан астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді
Атыраулық тұрғыннан жарты тоннадан астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді
106
оқылды
Атыраулық полицейлер тұрғыннан 600 келіге жуық бекіре тұқымдас балығын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. 23 маусым күні Атырау облысы ПД-нің Криминалдық полиция басқармасына 31 жастағы Жылыой ауданының тұрғыны бекіре тұқымдас балықтарын өз үйіне сақтап және сатып жүргені туралы ақпарат түскен. Полицейлер жедел іс-шара жүргізіп, тұрғынның мекен-жайы бойынша тінту жүргізілді. Нәтижесінде күдіктінің үйінің ауласында орналасқан сарай ішіндегі тоңазытқыштан жалпы салмағы 576 келі болатын 169 дана бекіре тұқымдас балықтар табылды. Аталған факті бойынша Жылыой аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.