Алмат Байшолақов Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Алмат Мұратұлы Байшолақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.