Ақтаулық кәсіпкер тұрғындардың миллиондаған қаржысын алып, шетелге қашып кеткен
Ақтаулық кәсіпкер тұрғындардың миллиондаған қаржысын алып, шетелге қашып кеткен
153
оқылды

Ақтаудың ондаған тұрғыны жергілікті кәсіпкерден алданып қалды. Олар жиһаз компаниясынан шкаф, ас үй гарнитурын тапсырысқа беріп, толық төлем жасаған. Алайда екі айдан кейін ештеңе алмаған екен.

Жәбірленушілердің сөзінше, кәсіпкер миллиондаған қаржыны алып, шетелге кетіп қалған. Бұл істі полицейлер қолға алған.
"Екі айдан бері жиһазымызды күтіп отырмыз, әлі жоқ, ақша да жоқ. Қолыма түспеген жиһаз үшін ай сайын 42 мың теңге төлеп отыра алмаймын. Біз жеңілдікке жүгіріп, алаяққа алданып қалдық", - дейді Ақтау тұрғыны Жадыра Үтенова.

Үтенова 405 мың теңгеге ас үй гарнитурына тапсырыс берген, ол үшін Жадыра несие алған.  Үтеновадан бөлек, жиһаз салонынан 20 адам шамамен 20 миллион теңгеге тапсырыс берген екен. Біреуі қолма-қол төлесе, енді бірі банк арқылы төлеген.

Бастапқыда кәсіпкер байланысқа шығып, кішкене күте тұруды сұраған. Кейіннен кетіп қалыпты. Жәбірленушілердің сөзінше, қазір кәсіпкер Түркияда жүр.  Ол бұған дейін де алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылыпты. Жаңа іс бойынша, ер адам жеті жылға сотталуы мүмкін.