Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұловтың төрағалығымен «Өңірлік даму» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиында партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол картасындағы көрсеткіштер қаралып, облыста туындаған резонансты мәселелер талқыланды.
Жалпы, өңірдегі барлық деңгейдегі Жол карталарында 2021 жылға 10073 көрсеткіш белгіленсе, бүгінде оның 17 пайызы орындалған. 58,3 пайызы орындалу үстінде, ал 173-інің мерзімі әлі келмеген.Сонымен қатар Е.Құлкеев құрғақшылық салдарынан аудандарда малдың жаппай қырылып жатқандығы туралы таралған ақпараттарға да тоқталып, оның шындыққа мүлдем жанаспайтынын жеткізді. - Биыл ауа-райының қолайсыздығына байланысты өткен жылмен салыстырғанда өңірде жем-шөп мөлшері аз болып отыр. Дегенмен, қазіргі кезде шөп жетіспейтін аудандарға шөп оруға мүмкіндігі бар елді мекендердің аумағынан шөп әзірлеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Мал азығын қамтамасыз ету үшін шабындық жерлерден бөлек, сай-салалар, өзен арналарынан қосымша пішен дайындалуда, - деді басқарма басшысының орынбасары.Басқосуда алғашқы болып сөз алған Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев саладағы бірқатар мәселелерді атап өтіп, шешу жолдарын ұсынды. Асыраушы салада жұмыссыздарды кәсіпкерлікке тарту, кооперативтер құру мәселелерін және «Ауыл - ел бесігі» жобасын іске асыру үшін қосымша қаражат қажет ететіндігі айтылды.
Жиын соңында төрағаның бірінші орынбасары халық алдында берген уәдені орындау басты мақсат екендігін айтып, аталған кемшіліктерге жол бермеу үшін олардың орындалу барысына тұрақты талдау жасап отыруды тапсырды. Кеңесте көтерілген мәселелерге аудан әкімдері мен басқарма басшыларының назар аударуы қажеттігін ескертті.Сондай-ақ облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Т.Оразымбетов қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстарды баян етті. Оның сөзіне сүйенсек, қазір Меркі, Т.Рысқұлов және Сарысу аудандарында орын алған жастар арасындағы қылмыс дерегі бойынша кінәлі және сезікті тұлғаларға қатысты бұлтартпау шаралары қолданылып, аталған аудандардың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілген екен.
Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы