200 теңге емес, енді 200 теңгелік монета бар. Ал 200 теңгелік банкноттар да заңды төлем құралы бола береді. Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылдың 28 қаңтарында номиналдық құны 200 теңгелік биколорлы монеталарды айналымға шығармақ. Монеталардың дизайны да Қазақстан Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №804 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайны тұжырымдамасына сәйкес орындалып отыр.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде номиналын білдіретін және номинал цифрының кескінін қайталайтын көлденең сызықтар бедері аясында орындалған «200» деген жазу бар. Монетаның жоғарғы және төменгі бөліктерінде – тік сызықтар түрінде орындалған ою-өрнек кескіндері бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігінде – тарамдалған сызықтар аясында орындалған, ұлттық валютаның мәтіндік атауын білдіретін TEŃGE деген жазу. Монетаның сол жақ бөлігінде QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI эмитент банкті білдіретін QUB аббревиатурасы бар. Монетаның оң жақ бөлігінде – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотип) көрсетілген. Тағы бір ескеретін жайт, 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қала береді. Қағаз ақша тозғаннан кейін ғана айналымнан шығуы мүмкін. Ж.НҰРЛАНМонеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі дискі никельді жезден дайындалыпты. Әрі ойықпен бедерленген. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, айналдыра эмитент елді білдіретін QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY деген жазба бейнеленген. Монетаның төменгі жағында соғылған жылын білдіретін «2020» деген жазу бар.