30 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді. Елбасы Кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бірнеше сағатқа созылған келіссөздің жемісті болғанын айтты.
Тараптар ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестердің даму перспективасын талқылап, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты. Соңғы оқиғалар контексінде Ауғанстанның Орталық Азия мемлекеттерімен шекарасындағы шиеленісті жағдайлар талқыланды. ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы осы өңірдегі шиеленістің арта түсуіне байланысты алаңдаушылығын білдірді."Елбасының былтыр коронавирус инфекциясынан қалай айыққаны туралы сөзі де БАҚ-тың ерекше қызығушылығын тудырды. Есте болса, тура сол кезде қарапайым азаматтар арасында да, осы соққыны өздеріне бірінші қабылдаған медицина қызметкерлері арасында да коронавирус жұқтыру шарықтау шегіне жеткен еді. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қатерге қарсы күресте қазақстандық медицина қызметкерлерінің ерен ерлігін бірнеше рет баса айтқан. Елбасы адамзат баласы бұл вирусты тек әлемдік ғылыми-медициналық қоғамдастықпен тығыз кооперация арқылы және әркімнің өз денсаулығын сақтауға жауапты қадам жасай отырып қана жеңуге болатынын әрқашан айтып келеді. Еске сала кетейін, Нұрсұлтан Назарбаевтың сырқаттанғаны туралы ақпарат біздің елдің азаматтарын ғана емес, әлемдік қауымдастықты да аяғынан тік тұрғызды", - деді Айдос Үкібай.Оның айтуынша, көптеген шетел көшбасшысы алаңдаушылығын білдіріп, Елбасының тез сауығып кетуін тілеген.