«Тез кірлемейтін, мыжылмайтын киім керек» – Дмитрий Баландин Токиода киетін формаға қатысты пікір білдірді  
«Тез кірлемейтін, мыжылмайтын киім керек» – Дмитрий Баландин Токиода киетін формаға қатысты пікір білдірді  
203
оқылды

Спортшылар Олимпиада ойындарына қазақстандық және шетелдік мамандар арнайы дайындаған киімді киеді.

Salta брендімен танымал Салтанат Баймұхамедова – олимпиадалық киімнің салтанатты формасының дизайнері. Қазақстан спортшыларына арналған спорттық форманы испандық Joma компаниясы даярлады. Спортшылар киімнің дизайны, матасына қатысты өз ойын айтты.   [caption id="attachment_148732" align="aligncenter" width="750"] width= Фото: olympic.kz[/caption] «Олимпиадалық форма қандай болатынын таңдамас бұрын, спортшылардың пікірін сұрады. Біз матаны таңдауға қатысып, эскиздерді талқыладық, ұсыныстар жасадық. Олимпиада ойындарында сыртқы келбет қана емес, сонымен қатар форманың да маңызы да зор», – дейді Елдос Сметов.

«Спортшылар үшін ең алдымен киімнің сапасы мен жайлы, жинақы, ықшам болғаны маңызды. Спортшылардың киімді тазалап, үтіктеуге уақыты тапшы. Көп уақытымыз жолда өтеді. Сондықтан тез кірлемейтін, мыжылмайтын киім ыңғайлы. Себебі, сапалы матадан тігілген киім киюге, еркін қозғалуға ыңғайлы. Біздің өткен олимпиадаларға қатысқан тәжірибеміз бар. Өз ұсынысымызды жібердік. Біздің барлық талап-тілегімізді орындағанына қуаныштымыз», – дейді Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.

Парадтық форманы спортшылар Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты және басқа да іс-шаралар кезінде киеді.   [caption id="attachment_148733" align="aligncenter" width="450"] width= Фото: olympic.kz[/caption] Спорттық киімнің өндірушісі, испандық Joma бренді ел арасында танымал. Компанияның 55 жылдық тарихы бар. Әлемнің 120 елінде тауар сатады. Маталарды таңдағанда жаз мезгілінің, Жапонияның климаттық ерекшелігі де ескерілген. Олимпиаданың киімдері ауа өткізгіш, ылғалды сіңіреді, тез кебеді және аллергия тудырмайды.

Біздің спортшылар Токиоға 16 шілдеде ұшады.