Шетелдіктерді жұмысқа жеккендер жазаланды
Шетелдіктерді жұмысқа жеккендер жазаланды
111
оқылды

Шетелдіктер көбінесе жеке адамдардың үй шаруасына жегілген. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгінде облыс аумағында 5815 шет ел азаматы және 255 азаматтығы жоқ адам тұрып жатыр.

Заң бойынша, шетелдік азаматты қабылдаған қазақстандық 3 күн ішінде көші-қон қызметіне хабарлауы тиіс. Бұған қоса, басқа елдің азаматының ел аумағында болу мерзімі аяқталып, ол оны ұзартпаса немесе елден кетпесе, өзі ғана емес, оны қабылдаған тарап та жауапқа тартылады. Жыл басынан бері 293 солтүстікқазақстандық осы талапты бұзған.

Жарты жыл ішінде 15 отандасымыз азаматтығын ауыстырғанын уақытында хабарламапты. Олар 30 күн ішінде шет ел азаматтығын алғанын хабарлап, қазақстандық құжаттарын тиісті органдарға тапсыруы тиіс.

219 шетелдік біздің елімізде болу ережесін бұзған. Ережені бірнеше рет бұзғаны үшін 24 шетелдік елден аластатылған.

Роза ШӘКЕН, 

Солтүстік Қазақстан облысы