Ақмола облысының Жібек жолы ауылында өрт сөндірушілер отқан оранған жанармай құятын цистернаны сөндірумен айналысып жатыр, – деп хабарлайды Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті. Жанып жатқан көлікті Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының өрт сөндірушілері сөндірді. Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам, 3 қондырғы жұмыс істеп жатыр, оның екеуі – Нұр-Сұлтан қаласынан және 1-еуі Аршалы кентінен. Полиция қызметкерлері Қарағанды тас жолын жауып тастады. Өрт 20 минутта толығымен сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.