Испания құрамасы Швейцарияны жеңіп, жартылай финалға шықты
Испания құрамасы Швейцарияны жеңіп, жартылай финалға шықты
242
оқылды
Футболдан Еуропа чемпионаты жартылай финалына жолдама алған алғашқы құрама анықталды. Екі құрама бұған дейін 24 мәрте кездескен. Оның 18-де Испания басым түсіп, 1-де Швейцария жеңсе, қалғанында тең есеп тіркелген. Швейцария құрамасы ойынның 8-ші минутында өздерінің қақпасына автогол соғып алды. Екінші таймның 68-минутында швейцариялық Жердан Шакири таразы басын теңестіріп кетті. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталды, овертайм да жеңімпаз анықталған жоқ, пенальти сериясында Испания құрамасы жеңімпаз атанды.