Алматыда мониторинг тобы 200 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты
Алматыда мониторинг тобы 200 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты
5,142
оқылды

Алматы қаласының мониторинг тобы 1 шілде күні сағат 19.00-де Baq Saray мейрамханасында өтетін үйлену тойын тоқтатты. Еске салсақ, белгіленген карантиндік шектеулерге байланысты тойлар мен бұқаралық іс-шараларды өткізу тыйым салынған.

Монитринг тобы шектеу шараларының бұзылуын видеоға түсірген. Онда 200-ге жуық қонақ жиналғаны анықталды. Мекеме иесін карантиндік талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар жиналды. Қонақтардан кешті тоқтатуды сұралды және оларға коронавирустың ерекше қауіпті "дельта" штамының енгені туралы ескертілді. Осындай салтанатты шаралар жұқтырғандар санының көбеюіне әкелуде. Сондай-ақ, келесі күні тексерушілер тағы да бір шараны анықтады. Ресторатордың жүйелі түрде тәртіп бұзғаны үшін қызметті тоқтата тұруға дейін қатаң жаза күтуі мүмкін. Бұл шешім әкімшілік сотта қаралады. Қоғамдық денсаулық басқармасы инфекцияның жаңа жағдайларын есептеуде. Мысалы, 1 шілдеде Алматыда коронавирус инфекциясының 353 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда 771 адам жатыр, оның 54-і кәмелет жасқа толмағандар. Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады. Қалада індеттің таралу қарқыны күн сайын артып келеді. Халық бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырудан және оған қатысудан бас тартқаны жөн.