Атбасар қаласында мұсылман бейіті өртенді
Атбасар қаласында мұсылман бейіті өртенді
156
оқылды

Атбасар қаласының жанында мұсылман бейіті өртенді. Бүгін кешке болған өрттің алапат болғаны соншалық тұтас қорым аумағын түгел өрт шалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Тілсіз жау жайлы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше өрт мұсылман бейітінің жанындағы қоқыстан тұтанған.
«Өрт бейіт жанындағы қоқыста тұтанып, одан кейін бейіттің аумағындағы бұталар мен талдарға ауысқаны анықталды. Бейіттегі өртті сөндіруге жеке құрамның 10 сарбазы мен екі техника жұмылдырылды», – деді Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілген. Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы