Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Дина Нұрпейісоваға арналған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Астана күні қарсаңында Нұр-Сұлтанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халық композиторы, қазақтың көрнекті домбырашысы - күйші Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды.