Қостанай облысында 4 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Қостанай облысында 4 жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
139
оқылды
Қостанайда төрт жасар бала бесінші қабат терезесінен құлап кетті, — деп хабарлайды Inform.kz. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға кеше кешке болған. «Бала 7-шағынаудандағы көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлады. 19.25-те хабар түсті. Оқиға орнына 19.28-де жедел жәрдем бригадасы келіп жетті. Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады облыстық басқарманың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева. Бала жабық бас сүйек-ми зақымы, сонымен қатар сол жақтағы тоқпан жіліктің жылжып кетіп сынуы диагнозымен түскен. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Басқарма дерегіне сай, жылдың басынан бері 9 бала терезеден құлаған.