Түркістанда Елбасының егіс алқабындағы кескінін сомдаған ескерткіш ашылды
Түркістанда Елбасының егіс алқабындағы кескінін сомдаған ескерткіш ашылды
212
оқылды

ескерткіштің тұсауы кесілді. Атап айтқанда, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған тұтастай қола мүсіннің биіктігі – 4 метр, оның авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинаш. Шараға еліміздің бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ескерткіш ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың егіс алқабында түскен фотосуретіне қарап жасалған. Түркістандағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орнатылған мүсіннің композициясында «Ұлы Даланың ұлы» атты Елбасы ескерткішінде қарт Қаратаудың сұлбасы бейнеленген. Автор Елбасының Қаратау жазығында шексіз далаға байыппен қараған сәтін суреттеген. ескерткіш Елбасы Түркістан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш қою туралы бастаманы кәсіпкер Болатбек Алиев көтеріп, аталған идеяға түркістандық ардагер-ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері қолдау білдірген болатын. Облыс әкіміне үндеу жазған тұрғындардың өтініш-тілектері Орталық мемлекеттік органдар келісімімен жүзеге асты. Бұдан бөлек, Түркістан қаласының әкімдігі тарапынан аталған бастамаға қатысты жергілікті тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 1000 респондент қатысып, олардың 93 пайызы бастаманы қолдайтындарын білдірген болса, респонденттердің 4,5 пайызы қарсы, 2,5 пайызы бейтарап позицияны ұстанған. Демеушінің қаржысына орнатылған еңселі ескерткіштің салтанатты ашылуына Қазақстан халық әртісі, Мемлекет және қоғам қайраткері Асанәлі Әшімов, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті, академик, химия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Жұрынов, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, Жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Көпен Әмірбек, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Түркістан облысы «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов қатысты. ескерткіш Елбасы Түркістан Түркістан төрінде орын тепкен монументке қатысты зиялы қауым өкілдерінің айтары бар. Атап айтқанда салтанатты ашылу рәсімге қатысқан зиялы қауым өкілдері Елбасы ескерткішінің Түркістанда қойылуының символдық мәні зор және Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған «Ұлы даланың ұлы» монументі – ел ықыласынан туындаған дүние екенін алға тартып отыр. Шарада сөз алған Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев осындай елеулі сәттің куәсі болғанына қуанышты екенін жеткізді. «Түркістан өңірінің халқының өтінішімен, кәсіпкерлердің бастамасымен көне шаһарға жаңа леп әкелген, түркі интеграциясының іске асыру идеясына мұрындық болған, Түркістанға тарихи мәртебесін қайтарған Елбасының ерен еңбегін жоғары бағалай отырып, облыс орталығы Түркістанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ескерткіші ашылды. Бұл – тәуелсіз елдің шекарасын шегендеп, Қазақ елінде тыныштық пен берекені негіз еткен Елбасына алғыс ретінде және түркі елдерінің басын қосуға мүдделі болған түркі әлемінің дана ақсақалына деген ерекше құрмет», – деді қоғам қайраткері. ескерткіш Елбасы Түркістан «Бүкіл мұсылман қауымы үшін екінші Мекке саналатын тарихи қала енді туристік бағытта дамиды. Жаңадан ашылған нысандар соның бастамасы. Сонымен қатар, бұл қасиетті мекенде қаншама ұлыларымыздың, хандар мен билеріміздің сүйегі жатыр. Түркістан ескерткіштер қаласы болуы керек. Әбу-Насыр әл-Фарабиден бастап барлық тұлғаларымыз бір-бірін толықтырып, жалғастырып тұруы тиіс. Әрқайсысын таныстырғанда халықтың тарихы жалғасып жатуы керек. Терең ойлау керек. Елбасының барлық жерге қатысы бар. Тарих солай, Қазақ елі бай, жері кең», – деді Қазақстан халық әртісі, мемлекет және қоғам қайраткері Асанәлі Әшімов ашылу салтанатында. Түркістанда алғаш ашылған халықаралық университтетің еі бірінші ректоры болған Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті, академик, профессор Мұрат Жұрынов Түркітан туралы ойын былай жеткізді. «Түркістан өзгеріп кетіпті. Елбасының осында ескерткіші салынып, қолтаңба қалдыруы келісімді мәселе. Қазақстанның Тәуелсіздігін алған, соны дамытқан Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың ескерткіші осы қалада болуы жөн деп санаймын. Түркістанда ескерткіш орнату туралы ұсынысты осы өңірдің ақсақалдары көтерді. Бұл бастама түркістандықтардың шынайы алғысынан туындағаны анық» деді М. Жұрынов өз сөзінде. Түркістан қаласында мамыр айында өткен «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы: интеграциялық және ынтымақтастық перспективалары» атты халықаралық конференцияда сөз сөйлеген ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшы орынбасары доцент, доктор Билаль Чакыджы мырза да Елбасына ескерткіш орнату туралы мәселе көтерген болатын. Конференцияға қатысушылар Елбасының күллі түркі әлемі үшін жасаған елеулі еңбегіне ризашылықтарын білдіре отырып, шетелдік ғалымның ұсынысын бір ауыздан қолдаған еді. Ескерткіштің ашылуына арнайы келіп қатысқан Билаль Чакыджы: «Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның дамуына, Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орны ерекше. Түркістан қаласынан ескерткіш орнату – тәуелсіз елдің шекарасын шегендеп, Қазақ елінде тыныштық пен берекені негіз еткен Елбасына алғыс ретінде және түркі елдерінің басын қосуға мүдделі болған түркі әлемінің дана ақсақалына деген ерекше құрметтен туындаған ой» деді. «Мен өз басым халықтың көтерген бастамасын құптаймын. «Халық айтса, қалып айтпайды». Әртүрлі пікірлер болуы мүмкін және сол пікірлерді әдейі жасауы да мүмкін. Жалпы, Елбасымыздың өзі жасаған жұмыстарының қай саласын алсақ та, мәселен, Астананың құрылысы және Түркістанның гүлденуі сондай-ақ, Қазақстанның дамуы осы Елбасымыздың еңбегінің арқасы деп ойлаймын. Тәуелсіздік алған жылдарға дейін қазақ даласында мұндай қарқынды құрылыстар жүргізілмеген. Қазақстанның қарыштап, дамуы осы Елбасының арқасы деп білемін. Сондықтан, мен мұны ескерткіш деп қарамас едім. Бұл біздің Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде жеткен еңбегіміз, жемісіміз деп қарағанымыз жөн. Қандай ескерткіш орнатсақ та, қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Ол кісіге деген құрметіміз болуы қажет», – деді Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков.  width= «XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы ұлы даладағы ұлы оқиғалардың бірі де біргейі бұл – Елорданың еңсе көтіріп, асқақтауы. Бүгінгі Нұр-сұлтан қаласының. Елорда – Елбасының ерен ерлігі дейміз. Түркістан – кемел көрегендігі дейміз. Астана – бүкіл байтағымыздың, Қазақстанымыздың жүрегі, Түркістан – рухани тірегі, Шырайлы Шымкент – шұғылалы реңі дейміз. Сондықтан, 3 жыл жыл ішінде адам танымастай өзгерген, көркейген, әсем ғимараттар бой көтеріп, аспанға асқақтаған Түркістанға Елбасының, Тұңғыш Президентіміздің ескерткішінің орнатылуы өте орынды. Қуана білгенге құт қонады, бағалай білгенге бақ болады. Ескерткіштің өнер туындысы екені білініп тұр. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинаш, шардаралық мүсінші жасаған екен. Біздің Елбасымыз «Ұлы даланың ұлы» деген аты да өте жарасымды. Терең мән-мағынасы бар. Туған жерге еркелеп, нымшасының етегін жел тербеп, туған жер алақанына салып, еркелетіп тұрған секілді әдемі емін-еркін өнер туындысы болып шыққан. Құтты болсын! Келешекте бағаланатын, елді еңселендіретін ескерткіш деп ойлаймын», – деді өз сөзінде жазушы, Түркістан облысының Құрметті азаматы Мархабат Байғұт. Елбасына ескерткіш қою туралы бастаманы кәсіпкер Болатбек Алиев көтеріп, түркістандық ардагер-ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері қолдау білдірді. Облыс әкіміне үндеу жазған тұрғындардың өтініш-тілектері Орталық мемлекеттік органдар келісімімен жүзеге асты.