ЕУРО-2020: Жартылай финалға шыққан құрамалар белгілі болды
ЕУРО-2020: Жартылай финалға шыққан құрамалар белгілі болды
130
оқылды
Бүгін Дания мен Англия құрамалары футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.  Ширек финалда Дания құрамасы Чехияны 2:1 есебімен жеңсе, Англия құрамасы Украинаны 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Финалға шығу үшін Италия, Испания, Англия және Дания құрамалары күш сынасады. [caption id="attachment_149082" align="alignnone" width="507"] width= Фото: transfermarkt.ru[/caption] Бірінші жартылай финалдық ойында Италия мен Испания құрамалары кездеседі. Матч 6 шілдеден 7-не қараған түні Лондон (Англия) қаласында «Уэмбли» стадионында өтеді. Екінші жартылай финалда Англия мен Дания құрамалары кездеседі. Матч 7 шілдеден 8 шілдеге қараған түні "Уэмблиде" өтеді.