Оралда тұрғын үй өртеніп, үш адам аурухана түсті
Оралда тұрғын үй өртеніп, үш адам аурухана түсті
103
оқылды
Оралда тұрғын үй өртеніп, күйік шалған үш адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО ТЖ департаментінің мәліметінше, оқиға 4 шілде күні сағат 01.36-да Спортивная көшесі, 5-мекенжайында болды. Бір қабатты төрт пәтерлік үйдің төбесі (аумағы - 100 шаршы метр) өртеніп, опырылып түскен. Сосын жалын 60 шаршы метр қабырғаны шарпыған. Үйдің жалпы алаңы - 180 шаршы метр. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 31 жастағы үй иесі (денесін 30 пайыз бірінші дәрежелі күйік шалған, жағдайы ауыр), 32 жастағы әйелі (15-20 пайыз, екінші дәрежелі күйік, халі орташа), олардың биыл туған қызы (15 пайыз, 2-3 дәрежелі күйік, жағдайы орташа) ауруханаға жатқызылды. «Тілсіз жау» сағат 03.52-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Оқиға орнына ТЖ департаментінен 16 қызметкер, 5 техника, Орал қаласы Полиция басқармасынан жедел тергеу тобы (5 қызметкер, 1 техника) барған.