Маңғыстау облысында полиция көлікті мас күйінде айдаған жүргізушіні ұстап, медициналық куәландыруға жеткізбек болғанда, достары араласып, тәртіп сақшыларына кедергі келтірген. Олар құқықбұзушыны жіберуді талап етіп, полицейлермен жанжалдасқан. Оқиға видеоға түсіп қалды. https://youtu.be/zJo8jktu-18 "Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы "Көлікті мас күйінде басқару бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп мәлімдеді өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ер адам 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Бұған қоса 200 АЕК (583 400 теңге) айыппұл көзделген. Полицейлерге кедергі келтірген басқа адамдар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаза 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейінгі айыппұлды көздейді.