Суперауыр салмақтағы қазақстандық 22 нокауты бар  боксшымен айқасуы мүмкін
Суперауыр салмақтағы қазақстандық 22 нокауты бар  боксшымен айқасуы мүмкін
Vesti.kz.
32 жастағы Кособуцкий рингке 24-шілде Лондонда шығады деп күтілуде, ал қазақстандықтың қарсыласы 31 жастағы черногориялық Марко Радоньич (22-0, 22 КО) болуы ықтимал.
Сонымен қоса, черногориялықтың орнына 27 жастағы украиналық Александр Захожий (15-0, 11 КО) Жанмен жұдырықтасуы мүмкін. Мұның алдында Кособуцкий виза алғанын және жақын арада қарсыластың есімі белігілі болатынын айтқан. 2021 жылдың ақпаны Гамбургте қазақстандық WBA International белбеуі үшін айқаста "Годзила" лақап атты нигериялық Онориоде Евариемені (18-2, 17 КО) жеңген болатын.