СҚО-да 9 жасар баланы көлігімен қаққан жүргізуші анықталды
СҚО-да 9 жасар баланы көлігімен қаққан жүргізуші анықталды
102
оқылды
Петропавлда велосипед теуіп жүрген 9 жасар баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші табылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. 29 маусымда Жұмысшы кентінің Пугачев көшесінде болған еді. Велосипед мінген 9 жасар баланы «Audi-100» көлігі қағып, жүргізуші оқиға болған жерден қашып кетті. Ер бала ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Полиция мәліметінше, автокөлік иесі тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайдан анықталды. Қаланың 43 жастағы тұрғыны оқиғадан келесі күні табылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
«Жол-көлік оқиғалары санының артуына байланысты Полиция департаментінің басшылығы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмысты күшейтуді шешті. «Қауіпсіз жол» облыстық шұғыл-алдын алу шарасының мақсаты – жол апаттары санын азайту, жүргізу мәдениетін арттыру. Бұл, әсіресе, балалар көп уақытын далада өткізетін жазғы уақытта аса өзекті. Осы кезде жүргізушілерден аса қырағылық талап етіледі», — деді СҚО Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Айтбаев.