Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
112
оқылды
Қазгидромет синоптиктері дүйсенбі, 5 шілдедегі ауа райына болжам жариялады. Республиканың басым аумағында атмосфералық ағымдардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Нұр-Сұлтанда күн ашық, ыстық болады. Күндіз +33+35, түнде +19+21 градус. Алматыда күндіз +35+37 градус, түнде +23 градус, жауын-шашынсыз. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде найзағай жарқырайды, бұршақ түседі, күндіз жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде – найзағай, бұршақ, дауыл, 15-23 м/с жел соғады. Алматы облысында, күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде найзағай болжанып отыр. Күндіз Жамбыл, Павлодар облыстарында найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Ақмола облысында да найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, жел күшейеді. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында ыстық сақталады. Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында кей жерлерде аптап ыстық болады.