Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандар туралы мәлімет жариялады.
5 шілдедегі мәлімет бойынша 31 718 адам коронавирус инфекциясынан (30 372 КВИ+ және 1 346 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 9 645 пациент стационарда, 22 073 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
-
600 адамның жағдайы ауыр,
-
122 пациенттің жағдайы өте ауыр,
-
69 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.