Домбыра күні: Алтай Көлгінов ұлттық күй тарту челленджін бастады
Домбыра күні: Алтай Көлгінов ұлттық күй тарту челленджін бастады
295
оқылды

Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгінов сазгер Ренат Гайсинмен бірге «Ерке сылқым» күйін орындады. Елорда әкімі қала тұрғындарын ұлттық күйлерді орындап, челленджге қатысуға шақырды. Бұл туралы Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды.

«Домбыра — музыкалық мәдениетіміздің басты символы. Халқымыз салт-дәстүріміз бен мәдени құндылықтарымызды, қуанышы мен қайғысын қара домбыраның шанағынан төгілген үн арқылы жеткізіп отырған. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова секілді өзге де композиторлардың күйлері жадымызда мәңгі сақталмақ. Олардың туындылары ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. Елбасы атап өткендей, домбыра — қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі. Бүгін Ұлттық домбыра күніне арналған концертте Мемлекет басшысы домбыра әуені еліміздің барлық этностарын біріктіріп, рухани бірлікке жетелейтінін атап өтті. Жан-жақты дамуымыз өте маңызды. Жастарымыздың ұлттық аспапта ойнауға деген қызығушылығы мен ерекше ықыласы қуантады", — деп жазды әкім.
Алтай Көлгінов елорда тұрғындары мен әріптестерін челленджге белсене қатысуға шақырды.