Каспийде жойқын жарылыс болды (видео)

Каспийде жойқын жарылыс болды (видео)
Каспийде жойқын жарылыс болды (видео)

Каспий теңізінің Әзірбайжан аймағында үлкен жарылыс болды. Жарылыстың жойқын болғанын ақтаулықтар да байқады. Оқиғаны бейнежазбадан көруге болады.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=AD5054zNimA[/embed] Каспийдегі жарылыс 4 шілдеден 5-іне қараған түні болды.   [embed]https://www.youtube.com/watch?v=WkIahc9RkzQ&t=1s[/embed]
Бұқаралық ақпарат құралдары бұл жарылысты Әзірбайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай-газ компаниясына тиесілі "Умид" газ платформасында болған деп болжауда. Алайда компания өкілдері бұл мәлімдемені жоққа шығарған.
- SOCAR бақылауындағы теңіз платформаларында және өндірістік нысандарда апат болған жоқ. Жұмыс әдеттегідей жүріп жатыр. Теңіздегі жарылыс балшық жанартауының атқылауы шығар, — деді олар.
Қазір оқиғаның егжей-тегжейі тексеріліп жатыр.